Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Қазақмыс тобының 2012 жыл ішіндегі қызметінің аудиттелген нәтижелері

Іс-қызметтің алдын-ала нәтижелері туралы бұл есепке акциялар пакетінің 26 пайызын Топ иеленіп отырған, үлестік қатысу әдісі бойынша көрсетілген ENRC компаниясының аудиттелмеген кірісіндегі тиісті үлесті қоса алғанда, 2012 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл ішіндегі Қазақмыс Тобының аудиттелген біріктірілген қаржылық нәтижелері кіріп отыр.

2012 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Топтың EBITDA-сы (ерекше баптарды қоспағанда) металдар бағамының төмендеуін, жоғары өнеркәсіптік инфляция мен мыс өнімдерін өткізу көлемінің азаюын есепке алғанда 1 912 млн АҚШ долларын құрады:

  • Меншікті бөлімшелерден, бірлескен кәсіпорын мен тоқтатылған қызметтен түскен қаржы 1 364 млн АҚШ доллары мөлшерінде;
  • ENRC компаниясынан түскен қаржы 548 млн АҚШ долларын құрады

Мыс өндірісінің өзіндік құны фунтына 174 АҚШ центы деңгейінде:

  • 2012 жылдың басында жарияланған аралық шегінде сақталды
  • 2013 жылы басымдық берілген бағыт – мыс өндірісі жөніндегі бөлімшелерде шығыстарды тиімді басқару.

Жыл ішіндегі Базалық Табыс 492 млн АҚШ доллары деңгейінде:

  • Еңбекке жарамдылық қабілетінен айрылуына байланысты төленетін әлеуметтік төлемақылар 207 млн АҚШ доллары мөлшерінде
  • ENRC компаниясынан түскен табыс үлесі 127 млн АҚШ доллары мөлшерінде
  • Базалық Табысқа негізделген, акцияға келетін пайда 94 АҚШ центын құрады

ENRC компаниясындағы теңгерімді үлес құнының төмендеуінен келген шығын 2 223 млн АҚШ доллары деңгейінде:

  • ENRC компаниясындағы акциялар пакетінің теңгерімді құны 2 027 млн АҚШ долларына дейін төмендеген, яғни акциясына 375 центтен
  • ENRC компаниясындағы акциялар пакетінің нарықтық құны 2013 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша 1 367 млн АҚШ долларын құрады

Таза берешек 707 млн АҚШ доллары деңгейінде:

  • Таза берешек ірі өркендеу жобаларын дамытуға жұмсалған шығындарға байланысты өсіп отыр
  • Негізгі жобалар үшін 4,2 млрд АҚШ доллары мөлшерінде ұзақмерзімді қаржыландыру қамтамасыз етілді
  • Ірі кеніштердің құрылысы кезеңінде қосымша өтімділікті қамтамасыз ету үшін жаңа экспорталды несиелік желі туралы келісімге қол қойылды

Дивидендтер төлеу жөніндегі икемді саясатқа сәйкес анағұрлым төмен рентабельділіктің салдарынан дивиденд төмендеді:

  • Осыдан бұрын дивидендтің ақырғы сомасы акциясына 8 АҚШ центы деңгейінде жарияланған
  • Толық бір жыл ішіндегі дивиденд сомасы акциясына 11 АҚШ центы мөлшерінде болды
  • Акциялар орналастырылған кезеңнен бері акционерлерге төленген төлемақының жиынтық сомасы 1 776 млн. АҚШ доллары мөлшерінде
Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments