Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Журналистер әлеуметтік медиа мен SEO стратегияларын қалай ұштастыруы керек

Интернеттегі әрекеттердің 93% іздеу жүйесінен басталатын жағдайда журналистер өз жазбалары іздеу нәтижелерінің үздіктері қатарына енуіне қалай қол жеткізе алады?

Әлеуметтік медиа апталығында Spark Experience президенті және атқарушы директоры Джефф Рам айтып өткендей, оған әлеуметтік медиада ілгерілету стратегияларын SEO технологияларымен біріктіру арқылы қол жеткізуге болады.

Сөз жоқ, іздеу жүйелері веб-трафикке ықпал ету жағынан әлеуметтік медиадан асып түседі, бірақ Google іздеу алгоритмі Penguin ақылдырақ болғалы бері, іздеуді оңтайландыру әдістері недәуір «әлеуметті» болуы тиіс.

Бұл іздеу алыбының үлесіне интернеттегі іздеу сұранымдарының 80 пайызы тиесілі, ол спамды және аса оңтайландырылған сайттарды екшеп тастап, сенім білдіруге лайықты бірегей контент ұсынатын сайттарды ынталандырып отыратын ақылды алгоритмді қолданады.

«Penguin бізге әлеуметтік медиа тек өзекті болып қана қоймай, іздеу жүйелеріндегі сіздің контенттің мәртебесін көтеру үшін аса маңызды екенін көрсетіп отыр», — дейді Рам.

Google іздеу жүйесінде өз жазбаңыздың мәртебесін арттыру бойынша бірнеше кеңес:

Іздеу жүйелеріне емес, адамдарға арналған контент жасаңыз

Бұрын іздеуді оңтайландыру сайттың контентіне неғұрлым көбірек кілтсөздер қоюмен шектелетін, бірақ қазір Penguin алгоритмі мәтін ішінде кілтсөздерді мөлшерден тыс қолданатын сайттарды жазалай бастады.

Рамның айтуынша, Google бұдан былай сайттың метадеректерінде көрсетілген кілтсөздерді пайдаланбайды, керісінше, ондай сайттар өзгелерінен көп төмен орында көрсетіледі. Жоғарғы орындарды нақты, саналы және пайдаланушыларға арналған контенті бар сайттар иеленеді. Арнайы мамандыққа тән лексиканы қойып, Twitter жазбасын немесе Facebook желісінде пікір жазып отырғандай, пайдаланушыға түсінікті, қарапайым тілмен жазуға тырысыңыз.

Жоғары сапалы сайт жасау үшін қажеттінің бәрін қосыңыз

Google байланыс ақпараттарын, авторларды көрсетіп отыратын, тексерілген әрі қолжетімді коды және жақсы тарихы бар, яғни біраз уақыттан бері әрекет етіп келе жатқан домен мекен жайы бар сайттарды ынталандырып отырады. Әрбір суреттің өз альт тегі (курсорды сурет бетіне апарған кезде шығатын сипаттама) бар екеніне көз жеткізіңіз. Бұл тегтің ішіне кілтсөздерді қоймаңыз, жай ғана суретті сипаттаңыз. Сайтта пікір қалдыруға болатындай етіп жасаңыз, контентіңізге неғұрлым көбірек адам пікір жазса, сайттың мәртебелік орны соғұрлым жоғары болмақ.

Сайтта үстіртін немесе өзге дерек көздерінен көшіріп алынған видеосыз, суретсіз және сілтемесіз контентті орналастырмаңыз. Жоғарғы бөлігінде жарнамасы тым көп сайттар да төмен бағаланады.

Google Penguin алгоритмі сонымен қатар сайтта «үздік ондық» рейтингтері, шолу, сараптама, салыстырма мағыналы контент, сондай-ақ контентке сай қалың бояумен бөлінген немесе белгіленген тармақтар болуын да қадағалап отырады.

«Пайдаланушылар тез арада көріп, не оқи алатын «сөлді» контент — Google осыларды шынымен іздейді», — дейді Рам.

Twitter желісінде белсенді болыңыз

Сіздің әлеуметтік медиадағы әрекеттеріңіз де сайтыңыздың мәртебесі белгіленуіне ықпал етеді.

«Сіз Twitter сервисін қалай пайдаланатыныңыз тіпті Facebook-қа қарағанда сайтыңыздың мәртебесі белгіленуіне көбірек ықпал етеді, — деп түсіндірді Рам. – Google сіздің Twitter-дегі аккаунтыңызға жазылушылар саны маңызды емес, сіздің контентіңізді өзге Twitter пайдаланушылары ортаға салғаны маңыздырақ екенін көрсетті».

Рамның айтуынша, URL-адрестерін Twitter пайдаланушылары бөліскен сайын олардың іздеу жүйесіндегі орны жоғарылай түседі. Және, неғұрлым көбірек беделді ресурстар сіздің контентті ретвит жасап, не сілтемеңізді бөлісіп отырса, сайтыңыздың іздеу нәтижелеріндегі орны да соғұрлым жоғары болмақ.

Қонақ блогтарын жүргізіңіз

Рамның айтуынша, SEO оңтайландырудағы ең жақсы әрекеттердің бірі — жақсы атағы бар сайттарда сіздің сайтыңызға кері сілтеме беретін қонақ блогтарын жүргізу.

«Мысалы, егер сіз жақсы сайтта қонақ блогын жүргізіп, оның пайдаланушыларын өз сайтыңызға сілтеп отыратын болсаңыз — Google іздегені де сол, өйткені ол сондай жақсы сапалы сайттың сіздің сайтыңызға сілтеме бергенін белгілеп отырады».

Есіңізде болсын: бастысы — сілтемелердің саны емес, сапасы

Penguin алгоритмі пайда болғанға дейін, кез келген оңтайландырушының мақсаты мүмкіндігінше сайтқа апаратын кері сілтемелерді көбірек қоя беру болатын, алайда енді Google «линкофермаларды» пайдалану сынды сілтеме массасын ұлғайтудың жылдам тәсілдері үшін жаза қолдана бастады.

«Сілтеменің сапасы маңызды, — деп түсіндіреді Рам. – Сондықтан сіздің сайтыңызға жауап сілтеме қоя алатын мәртебесі жоғары беделді сайттарды табу маңызды».

Әлеуметтік медиа мен SEO дәл осы жерде тоғысады, өйткені беделді танымал сайттар тізіміне Facebook, Twitter, Pinterest, LinkedIn және басқа да әлеуметтік медиа платформалары кіреді.

Сіз Google ұсынатын іздеуді оңтайландыру ұсыныстарының жаңартуларын қадағалап отыруыңызға болады. Олар Penguin алгоритмінің дамуына қарай, Webmaster Central Blog блогында жарияланып отырады. Ресурс Google Penguin құрмет танытатын сенімді контент жасап отырғаныңызға сенімділігіңізді арттыру үшін өзіңізге қоюыңыз тиіс сұрақтар тізімін ұсынады.

Түпнұсқа мәтіннің авторы Margaret Looney

Print Friendly
comments powered by HyperComments