Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Түрлі елдерде әлеуметтік медианы басқару жөніндегі кеңестер

Әлеуметтік медиа журналистер мен редакцияларға әлемдік аудиториямен қатынас жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар мәдениетаралық қателіктер жіберу қаупі де бар.

Әр аймақта қатынас жасаудың өз ерекшеліктері мен тәсілдері бар болғандықтан, түрлі мәдени ортада әлеуметтік медиа аккаунттарын басқару қиынға соғуы мүмкін.

Халықаралық компаниялар жұмысын ұйымдастыру процесімен таныс стратегия және байланыстар жөніндегі бір топ Дүниежүзілік банк пен USAID интернет сарапшылары таяуда өткен Social Media Week іс-шарасында біраз кеңестерімен бөлісті.

Олардың ғаламдық масштабтағы әлеуметтік медиамен жұмыс істеу жөніндегі кеңестері мынадай:

Біріншіден, тыңдаңыздар. Ірі жаңалықтар басылымдары өзге елдердегі оқиғалар туралы твит жазуға ұмтылғанда, айырмашылықтарды бірден түсіне қою қиын, әсіресе мәтінге қоса берілетін суреттер мәдени түсініспеушіліктерге себеп болуы мүмкін. Жергілікті мәдени ерекшеліктер туралы көбірек біліп, әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар өзара не туралы сөйлесетінін түсіну үшін әлеуметтік медиада талқылау қалай жүріп жатқанына мән беріп отырыңыз.

Әр аймақта қандай платформалар бәрінен жақсы жұмыс істейтінін біліп алыңыз. Facebook пен Twitter бүкіл жүние жүзінде әлеуметтік медиа патшалары емес. Мысалы, Қытай Sina Weibo пайдаланады, ал Бразилияда Orkut танымал. Әлеуметтік медиа мәдениетте қандай орын алатынын анықтап алу маңызды. Bozzuto Group цифрлік маркетинг жөніндегі вице-президенті Шаши Белламконда Үндістанда әлі де қағазға басылған құжаттар кең таралған, ал әлеуметтік медиа жақсы дамығанымен, ондағы журналистер оларды жаңалықтарды тарату үшін қолданбайды дейді.

Тәжірибе жасап, соңынан нәтижелерін тұрақты түрде бағалап отырыңыз. Екітілді аудиториямен байланыс жасамақ болған кезде қай тіл жақсырақ жұмыс істейтінін тәжірибе жүзінде анықтап алыңыз, содан кейін анализ көмегімен қандай стратегия ұстанатыныңызды шешіңіз деп кеңес береді USAID директорының цифрлік коммуникациялар жөніндегі орынбасары Руди Гариб. Оның тобы қайсысы бәрінен жақсы жұмыс істейтінін анықтау үшін әлеуметтік медиа ағымдарын күнделікті бағалап отырады.

Жергілікті жердегі оқырмандарыңызды пайдаланыңыз. Абзалы — қауымдастық менеджерлері өздері жазатын аймақтан шыққан болуы тиіс, бірақ әрқашан олай бола бермейді. Аймақтарда өздеріңізбен пікірлес, даулы мәселе туындай қалған жағдайда кері байланыс ұсына алатын адамдардан топ құруға тырысыңыз. Жазып отырған хабарламаңыздың дұрыстығына, қоса беріп отырған суретіңіз баяндап отырған оқиғаға сай екендігіне күмәніңіз бар ма? Твитті жөнелтер алдында жергілікті сарапшыдан кеңес сұрап алыңыз. Мұндай виртуал фокус топ сізді елдегі әлеуметтік медиадағы соңғы тенденциялардан хабардар етіп отырады.

Қате жіберсеңіз — оны мойындаңыз. Әлеуметтік медиада өзге мәдениетке қатысты әдепсіздік ретінде танылуы мүмкін жазба жариялап жіберсеңіз, оны жасыруға тырысудың орнына, жай ғана кешірім сұраңыз. Тіпті, сіздің жазғаныңыз аз ғана адамға ұнамаса да, оларды елемей қоймаңыз. Қатеңізді бір ғана ықпалды тұлға байқап қойса болды, бұл сізге көбірек қиындық туғызуы мүмкін, одан да мәселені дер кезінде шешкен дұрыс.

Бұл тақырып бойынша көбірек кеңес алу үшін мынаны қараңыз.

Түрнұсқа мәтіннің авторы Margaret Looney, ijnet.org

Print Friendly
comments powered by HyperComments