Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Планшет құрылғылар үшін контент жасауға арналған кәсіби құралдар

Визуал және дата-журналистикамен айналысып жүргендер инфопакеттердің планшет құрылғыларда жөнді көрінбеуі мәселесіне жиі тап болып жатады.
Бүгін WebKit-браузерлерде және мобильді құрылғыларда көрсету үшін интерактив визуал материалдар мен презентациялар жасауға көмектесетін бағдарламалар мен қосымшалар туралы айтпақпыз.

1. Adobe Edge Animate

Мультимедиалық, анимацияланған жобалар жасау құралы. HTML5, JavaScript, JQuery және CSS3-те жасалып, IOS және Android құрылғыларында жақсы жүреді. Жоба жасай отырып, сіз оның HTML5 қолдайтын браузерлерде дұрыс көрінетініне сенімді бола аласыз. Және бір қуантарлығы — бұл Adobe өнімі тегін.

2. Camtasia Studio 8

HTML5-те де, басқаларында да интерактив видео жасауға арналған кәсіби бағдарламалық жасақтама. Интерактив видеосюжеттер, презентациялар, қашықтан оқыту курстарын жасауға мол мүмкіндіктер береді. Линктер, тестілер, тақырыптар, іздеу жолағын, тағы басқаларды орнатуға мүмкіндік бар. Бұл бағдарламада жасалған контент түрлі амалдық жүйелердегі құрылғыларда қатесіз көрінеді. Mac және Windows амалдық жүйелеріне арналған нұсқалары бар. 30 күнге тегін нұсқасын алып байқап көруге болады, ал толық пакеті үшін $299 төлеуге тура келеді.

3. Google Swiffy

Анимацияланған пакеттерді планшет құрылғыларда қосымша плагиндерді пайдаланбай қатесіз көрсету үшін HTML5-те SWF файлдарды конвертациялауға арналған құрал. Тегін.

4. Hot Lava Mobile

Бұл iPad, iPhone, Symbian, BlackBerry, Windows және Android сияқты кез келген типті мобильдік құрылғыда көрсету үшін интерактив контент жасауға арналған толық бағдарламалық жасақтама. Бұл құрал PowerPoint пайдаланып визуал пакеттер жасап, өз презентацияларын планшеттерде интерактив еткісі келетіндерге арналған.

5. Maqetta

Бұл – open source-қосымша, оны өз компьютеріңізге жүктеп алып, не болмаса тікелей браузердің өзінде жұмыс істей аласыз. Қосымша HTML5 қолдайтын құрылғыларда көрсету үшін контент-блоктар жасауға мүмкіндік береді. Құрал «көргеніңді аласың» түрінде жасалған және көбінесе қосымшалар жасайтын дизайнерлерге арналған.

6. Sencha Animator

WebKit-браузерлерге және сенсорлы экранды құрылғыларға арнап CSS3-анимация жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама. Анимациялы контент-пакеттер, интерактив жарнама, визуал материалдар және презентациялар жасауға арналған функционалды құрал.

Олег Гант, newreporter.org

Print Friendly
comments powered by HyperComments