Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Журналистика оқытушылары неліктен жаңа технологияларды пайдалануы керек

Бүгінгі таңда, технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан кезде, журналистика мектептерінің алдында олар бүгінде үйретіп жүрген дүниелер бірнеше жылдан кейін кәдеге жарай ма деген мәселе туындап отыр.

Қазірде журналистика мен қоғамға өзгеріс енгізіп отырған әлеуметтік медианың көптеген құралдары бұдан бес жыл бұрын тіпті жоқ еді дейді «Кәсіпкерлік журналистика» («Entrepreneurial Journalism») кітабының авторы Марк Бриггс.

14 желтоқсанда Цинхуа университетінде студенттер мен оқытушыларға арнап өткізген лекциясында ол «Журналистика мектептері бес жылдан кейін не үйретуі тиіс болады?» деген сауал тастады. Оны болжау өте қиын, өйткені Марк өзі соңғы кезде атқарған газеттер мен ТВ станцияның веб-сайт жүргізушісі қызметтері ол журналистика мектебінде жүргенде тіпті жоқ болатын. Біз қазір студенттерді әлі пайда болмаған қызмет түрлеріне қалай даярлай аламыз?

Технологиялар қарқынды өзгеріп отырған тұста, Бриггстің айтуынша, журналистика оқытушылары ең құрығанда төрт әрекет жасауы тиіс:

  • бағдарламаға жаңа технологияларды оқып-үйренуді енгізу;
  • қатынас жасаудың жаңа құралдарын және журналистік қызметті жетілдіруге мүмкіндік беретін әдістерді пайдалану;
  • студенттерге үйреніп, тәжірибе жасап, өз идеяларын шынайы оқырмандарға ұсынып көруге көмектесу;
  • студенттердің келешек технологияларын жасауға деген ұмтылысын қолдап, ынталандырып отыру.

Бриггс өзі болашақ журналистерге арнап университеттік бағдарлама әзірлейтін болса, ол студенттер дәстүрлі жаңалық ұйымдарына арнап ғылыми зерттеулер, ізденістер жүргізетін, сол арқылы жаңа технологияларға бейімделетін зертхана ашар еді.

Жаңа цифрлік медиа жасау

Бриггс сондай-ақ өз кітабының тақырыбы — кәсіпкерлік журналистика туралы, журналистер өздерінің жаңалық ұйымдарын жасап, өз ұйымын тұрақты ету үшін бизнес саласындағы дағдыларын жетілдіретін жағдайлар туралы айтты.

Дәстүрлі жаңалық ұйымдары қызметкерлерін мыңдап жұмыстан қысқартып, шығатын ақпараттың көлемін азайтын жатқанда, пайда болған қуыстың орнын толтыратын жүздеген цифрлік медиа дүниеге келді. Бриггс АҚШ бойынша бірнешеуін атап өтті — West Seattle Blog, Texas Tribune, Sacramento Press, Tech Dirt және St. Louis Beacon.

Табысты цифрлік медиа құралдарына контенттің тақырып аясының шектеулі болуы және табыс табудың жаңа жолдарын, жарнама мен жазылымның шегінен шығатын жолдарын яғни, басқаларын айтпағанда өнімді тікелей сату, арнайы іс-шаралар ұйымдастыру және медиаконсалтинг тәсілдерін пайдалану тән.

Бұл ұйымдардың жақсы дамуының басты себебі — сенімді ілесушілер жинай білгендігінде. «Өз аудиторияңызға ықпал ете алсаңыз, жұрт сіздің брендпен қатар аталу үшін ақша төлей бастайды», — дейді Бриггс. Ол Paid Content, Treehugger және Tech Crunch сынды веб-сайттар блог ретінде басталғанын, кейіннен 20 миллионнан астам долларға сатылғанын атап өтті. Talking Points Memo Джш Маршаллдың саяси және зерртеу блогы ретінде басталып, Вашингтон мен Нью-Йоркта жиырмадан астам қызметкері бар жаңалық тарату ұйымына айналған болатын.

Жаныңызды емес, жарнама сатыңыз

Бриггс студенттерге табысты кәсіпкер болу үшін ақшамен, серіктестермен және инновациялармен жақсы қатынас қалыптастырып, жаңалықтарға ашық болып, оңай бейімделе білу керек екенін айтты.

Кей кездері журналистер осы аталғандардың кейбірімен жақсы қатынас орната аллмай жатады. Ақша және сатылымдар олар үшін этикалық компромисспен астасып жатады, инновациялар үрейлендіреді, өздерінің бизнес идеяларын бәсекелестерінен жасырып ұстауға тырысады. Бригсстің айтуынша, соңғы идея әсіресе қате. «Идеялар құнсыз, бәрі қалай жүзеге асқанына байланысты». Сондықтан, өз идеяларыңызды дамыту үшін өзгелерді жұмылдыра біліңіз.

Әрине, тәуекел бар. Жаңалықтар индустриясындағы көптеген бастамалар сәтсіздікке ұшырап жатады. Алайда, Бриггс өз кітабында айтқандай, қателіктің құны үлкен емес. Кей кездері пайдаланушы үшін жарамсыз өнім тудырудың өзі жаңалық болуы мүмкін. Келер жолы сіз бәрін дұрыс жасайтын боласыз.

Бұл мқала алғаш News Entrepreneurs блогында жарияланды.
Мәтін ijnet.org сайтынан алынды.

Джеймс Брейнер — Цинхуа университетіндегі іскерлік журналистика мектебінің директорларының бірі. Найт халықаралық журналистика бағдарламасының (Knight International Journalism Fellow) стипендиаты болған, Гвадалахара университетінің Цифрлік журналистика орталығының негізін қалаушы және жетекшісі.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments