Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

2013 жылға әлеуметтік медианың 9 тренді

Ogilvy халықаралық жарнама-маркетинг агенттігінің әлеуметтік медиа бөлімінің жетекшісі Джемма Крэйвен 2013 жылы әлеуметтік медиада танымал болады-ау деген 9 тренд туралы презентация жариялады.

Болжамдар өте қызықты, назар аударуға тұрарлық. Оның үстіне, Джемманың өзі айтқандай, трендтерді қарастырған пайдалы: “…келер жылға болжамдар жасағаннан көрі, әлемдік брендтер қазір қолданып отырған трендтерді қарап көрген дұрыс”.

Сонымен, Джемма Крэйвеннің ойынша, келер жылы әлеуметтік медиада қандай жаңалықтар болмақ, медиамеркетинг қандай болады және қандай тұғырнамалар танымал болуы тиіс:

1. Ірі компаниялар жаңа өнімді нарыққа шығару үшін Facebook пайдалануын жалғастыра береді.

2. Бренд адвакаттарына сүйену. Оларды компанияларды ілгерілету ісіне араластыру. Мысалы — “Cadbury” компаниясы жүргізген 2012 жылғы “Wispa” маркасын ілгерілету шарасы. Кампанияның телевизиялық жарнамасын Facebook-қосымша толықтырды. Ең тапқыр пайдаланушыларға уақытты «көңілді етіп текке өткізудің» жаңа тәсілдерін ойлап шығарғаны үшін сыйлықтар берілді. Нәтижесінде  Facebook-тағы Wispa-ның 1,9 миллион жазылушысы бар, ал олардың парақшасы Ұлыбританиядағы бренд парақшаларының ішінде ауқымдығы жағынан екінші орынды иеленіп отыр.

3. Белсенді жазылушылар саны өседі, фанаттар пайда болады.

4. Фанаттар мен жазылушылар желіден тыс болып жатқан белсенділіктерді қадағалап, оларға ықпал етуге мүмкіндік алады. Қауымдастықтар желі ауқымынан шығып, оффлайнда мәселелер шешу үшін жиналады. Компаниялар ғана емес, белсенді пайдаланушылар да даулы мәселелерге назар аударып, көңіл бөледі.

5. Есте қалатын контент-маркетингтің жаңа деңгейі. Мысал ретінде, “Red Bull” компаниясы ұйымдастырған Феликс Баумгартнердің стратосферадан секіруін атауға болады. Іс-шараның жалпы құны — 50 миллион долларға шықты. Ол 2012 жылғы басты медиаоқиғалардың бірі болды.

6. Instagram жас, визуалды қабылдауға бейім аудиторияны тартады.

7. Pinterest – жақсы қосымша трафик көзі, бірақ барлық брендтер үшін емес.

8. Мемдер – сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін тағы бір маркетингтік құрал.

9. Tumblr – пайдаланушылар блог-платформаларды емес, өз өмірі туралы жазбаларды журнал стилінде визуалды жариялауға мүмкіндік беретін платформаларды таңдайды.

Джемма Крэйвеннің презентациясының түпнұсқасы

Мақала newreporter.org сайтынан аударылып алынды.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments