Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

2012 жылдың қысына дайындық: тарифтер мен есептегіштер

Қазақстан 2012 жылғы жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев кәрім Мәсімовке қысқа дайындық мәселесін бақылауға алуды тапсырды. Президент әсіресе Астана қаласында осы жұмысты қазірден бастап қолға алу керек екенін атап өтті. «Былтыр қиындықтар туындаған болатын, сондықтан алдағы жылыту кезеңінде мәселелер болмау үшін осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керек», — деген Н. Назарбаевтың сөздерін Президенттің баспасөз қызметі келтіреді( 2012 жылғы 1 тамыз).

Былтыр Елбасының тапсырмасы бойынша Үекімет ТҮКҚ модернизациялау Бағдарламасын бекіткен еді. Ол бағдарлама аясында ҚР барлық аймақтарында көп пәтерлі тұрғын үйлер жөнделе бастаған еді. Осы жылы коммуналдық секторда жалпы сомасы 16,2 млрд теңгені құрайтын 70 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. 994 км желі мен 7 қазандықты модернизациялау жоспарланды. 2012 жылдың бірінші жарты жылына көзделген 8,1 млрд теңге көлеміндегі қаражат толық көлемде жергілікті атқару органдарына аударылды. Ағымдағы жылы жөндеуді қажет ететін желілер үлесі: жылу желілерін — 61%, жарықпен қамтамасыз ету желілерін — 71% және газ желілерін — 53% дейін азаяды деп күтілуде. (Дерек көзі: Республика.kz)

Сонымен қатар, Қазақстанда есептеуіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін төлемақы мөлшері артады.

Алматыда қолжуғышпен, ыдыс жуғыш және ваннамен жабдықталған, орталықтандырылған сумен жабдықтау және канализация жүйесі бар көп пәтерлі үйлер үшін төлем ақысы — адам басына айына ҚҚС қоса есептегенде 1238,23 теңгені; ортақ жуыну бөлмесі бар пәтер типтес жатақханаларда — адам басына 619,11 теңге, әр бөлмеде душ бар жатақхадналарда — 721,35 теңгені құрайды делінген «Алматы ақшамы» газетінде жарияланған «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарламасында.

Үйге ортақ есептеу құралдары орнатылмаған үйлердегі жеке есептеу құралдары бар тұрғындар тұтынатын ыстық судың құны — бір текше метр үшін ҚҚС қоса есептегенде 350,3 теңге болады. Тәулік бойы өзара есептеме жүйесі бойынша, есептеу құралдары жоқ тұрғындар үшін орталықтандырылған жылыту үшін төлем ақысы — айына бір шаршы метр үшін ҚҚС қоса есептегенде 72,82 теңге, тек жылыту науқаны кезінде төлем алынатын болса — айына бір шаршы метр үшін 145,63 теңгені құрайды.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы департаментінің директоры Жанайым Келбатырова жылу есептегіштері жоқ үілер үшін жылумен қамту қызметтері тарифінің 20 пайызға артқандығын хабарлады. Сондай-ақ, «өзге тұтынушылар» санаты үшін де тарифтердің 50 пайызға жоғарылуы мүмкін. Жаңа тарифтер 15 қазаннан бастап енгізіледі. Ж. Келбатырова хабарлағандай, тарифтің жоғарылауы Агенттіктің «Жылу энергиясымен қамтамасыз ету жөніндені табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтері тарифін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жүргізіледі. Осы құжатқа сәйкес, жылу өлшегіштері жоқ көп пәтерлі үйлердың тұрғындары үшін тариф мына формула бойынша есептеледі: Т = 1,2 х Т1 (Т1 — жылумен қамту қызметтері үшін жалпы тариф). Атырау бойынша көп қабатты үйлерде жылу есептегіштерді орнату жөніндегі жұмыстар 7,9 пайызға орындалды. (Дерек көзі Прикаспийская коммуна).

Павлодарда жылумен қамтамасыз ету қызметкерлері жылу есептегіштері жоқ тұрғындар жылусыз қалуы мүмкін екенін ескертті. Жылуды есептеу құралдары жоқ үйлер қысқа дайындық актілерін ала алмайды, соған сәйкес жылытусыз қалуы мүмкін. Павлодарлықтарға аймақтық табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметкерлері коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесе қойып отыр (Дерек көзі Tengrinews).

» Заң бойынша, 2013 жылдан бастап, әрбір тұтынушы жылу есептеу құралын орнатуы тиіс. Егер ол болмаса, онда жылу энергиясының құны жеке тұтынушы үшін 20, заңды тұлғалар үшін 50 пайызға артады. Біз бұл хабарландыруды жұртты жылу есептегіштерін орнатуға асықтыру үшін іліп қойдық», — деп хабарлады ТМРА Павлодар облысы бойынша департаментінің директоры Алексрндр Фида.

«Қанша қалағанымызбен, осындай қысқа мерзім аралағында бүкіл қаланы бұл жылу есептегіштермен қамтамасыз ету мүмкін емес. Жалпы үйге жылу есептегіш орнату құны өте қымбат, 260 мыңнан 360 мың теңгеге дейін болады, әр пәтерге орнатылатындарын айтпағанда. Тұрғындар бұл шығынды көтере алмайды», — деп шағымданды қала әкіміне ПИК төрағалары.

ТКШ бөлімінің мәліметтері бойынша, Павлодарда көп қабатты тұрғын үйлердің тек төрт пайызында ғана жылу есептегіштер бар екен.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments