Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Қазақстан мектептерінің 2012-2013 оқу жылына дайындығы

Қазақстанда 2 461 245 бала оқитын 7449 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында 255 023 жеткіншек мектеп партасына отырады. 5474 мектепте жалпы құны 4,7 млрд теңгені құрайтын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

617 мектепте 19,1 млрд теңгеге жылу жүйесінде, қазандықтарда, шатырда, сондай-ақ сантехникалық, электромонтаж және ішкі жалпы құрылыс жұмыстары жүргізілуін көздейтін күрделі жөндеу жүргізіледі. Бүгінгі күнде мектептердің 38% жөнделді деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша, 2012-2013 оқу жылының басына 211 білім беру мекемесі апатты жағдайда деп танылды. Осы мәселелерді шешу үшін 90 мектеп салынып жатыр, 7 апатты мектепте күрделі жөндеу жүргізілді. Ведомствоның хабарлауынша, ІІ жарты жылдықта Орал қаласында «Назарбаев зияткерлік мектебін» және шағын құрамды мектептер үшін 28 ресурстық орталық ашу жоспарланған. Қараша айында Астана қаласында 800 орындық кәсіптік лицей құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Жыл аяғына таман үш ауысымда оқитын және апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 27 жаңа мектептің құрылысы аяқталады.

Елдегі 7 мектептің 1374 орталықтан жылытылады, ал 6075 ұйым автономды жылыту жүйесін пайдаланады.(Today.kz)

Орта білім беру мекемелерін жөндеуге 4,7 млрд теңге жұмсалды. Қазіргі таңда мектептердің 43,6 пайызы жөнделді деп хабарлады Казинформ. Жылыту жүйесінде, қазақндықтарда, шатырда жұмыс жүргізілуін, сантехниканы алмастыруды көздейтін күрделі жөндеу 19,1 миллиард теңгеге жүргізіледі. Бүгінгі күнге (2012 жылғы 2 тамыз) мектептердің 38 пайызы күрделі жөндеуден өтті.

Оқулықтармен қамту

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша биылғы оқу жылында 255 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа барады. Мектептерге арнап 12 млн дана оқулық және оқу-әдістемелік кешендер сатып алынды. Осылайша, оқулықтармен қамту республика бойынша 97 пайызды құрамақ. Сонымен қатар, білім ьеру мекемелері 569 жаңа модификациядағы химия кабинеттерімен жабдықталмақ.

Қазақстанда электронды 537 білім беру ұйымы электронды оқыту жүйесімен қамтылған. Қазіргі таңда 6 мектеп пәні және 38 колледж пәні бойынша 7043 электронды ресурс әзірленіп жатыр. Жаңа оқу жылында олар 2-11 сыныптар үшін химия, математика, физика, қазақ тілі сабақтарында енгізіле бастайды. (Zona.kz)

Жағдайы нашар отбасыларға көмек

«Мектепке барар жол» — ҚР Білім және ғылым министрлігі елдің барлық аймақтарында осы айдың басынан осындай жыл сайынғы жалпы республикалық акция жариялады. Осымен бесінші рет өткізіліп отырған әлеуметтік бағыттағы іс-шараның мақсаты — жаңа оқу жылына әзірлік барысында жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету. 2012 жылы бұл шара «Жақсылық жасауға асық!» деген ұранмен өткізіледі. Шара аясында төрт жыл ішінде 802 мыңнан астам бала 4,3 млрд теңгеге материалдық көмек алды. Сонымен қатар демеушілер мен меценаттар 1,7 млрд теңгені құрайтын ауқымды көмек пен қолдау көрсетті.

Акция барысында білім беру үйымдары мен органдары тамыз және қыркүйек айларында әрбір елді мекенде қауіп тобына жататын балаларды іздеу рейдтерін жүргізеді. Олардың нәтижелері бойынша әлеуметтік қолдау көрсетілуіне мұқтаж балалардың мекен жайлары көрсетілген тізімдер жасалады. Содан кейін ол балалар туралы мәліметтер білім беру органдарына, демеушілер мен меценаттарға беріледі. Сондай-ақ, балалар құқықтарын қоргғау департаменттерінің сайттарында көмекке зәру балалар туралы ақпарат алуға болады.

Акция барысында шұғыл желі жұмыс істейді: 74-25-28, оған кез келген адам хабарласа алады. Осындай желілер балалар құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық департаменттерде де әрекет етеді. Олар туралы ақпаратты Комитеттің сайтынан алуға болады – www.bala-kkk.kz (Юридическая газета)

Білім беру саласын заңмен реттеу

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» алғашқы Заңы 1999 жылы қабылданған. Ол сол кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдпайға барынша сәйкес келетін еді. 2000 жылы ел тарихында тұңғыш рет Президент жарлығымен «Білім» Мемлекеттік бағдарламасы бекітіліп, ол алдағы бес жылға білім беру жүйесіндегі мемлкеттік саясаттың негізіне айналды. Оны жүзеге асыру жылдарында қаржыландыру 130 пайыздан астам арттырылды. Осының арқасында мектеп мұғалімінің жалақысы 70 апйызға өсті.

Сондай-ақ, Елбасының тапсыруымен ауыл мектептерін дамыту үшін «Ауыл мектебі» бағдарламасы әзірленді. Соңғы кезде қалада білім алған жастар туған ауылдарына болашағына сенімді болып оралып жатыр. Мемлекеттің көмегі тұрғын үй беру, көтерме қаржы беру, коммуналдық қызметтер ақысын төлеуден көрінеді.

2007 ждылғы шілдеден бастап, Қазақстандағы білім беру процесін реттеуші құжат «Білім беру туралы» жаңа Заң болып келеді. Қазіргі заң бұрынғы нұсқасынан оқыту үрдісіне деген жетілдірілген көзқарастармен ерекшеленеді. Мысалы, мектептерде бейіндік оқыту, сонымен қатар бейіналды даярлау бағдарламалары енгізілді. Техникалық кадрларды оқыту орта білім беру негізінде де, жалпы орта білім беру негізінде де жүргізіледі.

Алайда, заңға енгізілген жаңалықтардың ең маңыздысы «Педагогика қызметкерінің мәртебесі» деген тарау болды. оның ережелері ең алдымен материалдық, әлеуметтік және моральдық ынталандыру жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Мысалға, бастауыш мектепте оқу жүктемесі 20 сағаттан 18 сағатқа дейін азайту көзделді (Огни Талдыкоргана)

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments