Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

«Седжон Еуразия» клиникасының құрылыс алаңына медиа-сапар

«Седжон Еуразия» халыққаралық кардиологиялық клиникасының құрылыс алаңына мадиа-сапар.

2012 жылдың мамыр айында Қазақстан Баспасөз клубы қазақстандық және шетелдің журналистер үшін «Седжон Еуразия» Халықаралық кардиологиялық клиникасының алғашқы тасын қалау салтанатына медиа-сапар ұйымдастырды. Клиника құрылысының бастамасын көтерген — «Седжон Еуразия» халықаралық медициналық клиникасы (Қазақстан Республикасы). Оның серіктесі — Седжон госпиталі (Корея).

Клиника құрылысы — Қазақстан мен Корея үкіметтерінің серіктестігі арқасында мүмкін болып отырған үлкен халықаралық жоба. Сондықтан да, ашылу салтанатына қатысқан қонақтардың да деңгейі жоғары болды. Салтанатты шараға Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінің Бас консулы Шин Хен Ын, Корея Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының президенті Ко Кен Хва, Кенги-до провинциясының Денсаулық сақтауды дамыту бөлімінің жетекшісі Рю Ен Голь, Седжон госпиталінің төрағасы Пак Ен Гван, Қазақстанның денсаулық сақтау департаменттерінің жетекшілері қатысты.

Клиника Алматы облысында, Ынтымақ ауылында орналасқандықтан, құрылыс орнының өзінде кәсіби жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін журналистер үшін медиа-сапар ұйымдастыру ұйғарылған болатын. Қазақстан Баспасөз клубы журналистерге арнап құрылысқа атсалысушы компаниялардың ерекшеліктері сипатталған материалдар, пресс-релиздер әзірлеп, құрылыстың корей және қазақстандық қатысушыларымен сұхбаттар ұйымдастырды. Журналстермен жылдам байланыс ұйымдастырылып, күрделі медициналық тақырыптадр шұшғыл түсіндіріліп тұрды.

Медиа-сапардың қорытындылары бойынша материалдарға мониоринг жүргізіліп, ағылшын тілінде есептеме әзірленді.

 

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments