Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

АТЭӘК Қазақстандағы сессиясын ақпараттық қолдау

2007 жылғы мамыр айында Алматыда БҰҰ Азия және Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның 63-сесииясы болып өтті. Қазақстан баспасөз клубы осы ірі халықаралық іс-шараға ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз етті.

БҰҰ Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы 1947 жылы Шанхайда (ҚХР) құрылған. Азия мен Тынық мұхиттың 53 елі АТЭӘК мүшесі. АТЭӘК жұмысы үш басты ұстанымға негізделген: кедейлікпен күрес, жаһандастыру процесін реттеу, әлеуметтік мәселелерді шешу. АТЭӘК тұңғыш рет Орталық Азияда өткізілді, Алматыға 400-ден аса делегат келді. Форумның жоғары деңейі, мемлкеттер мен халықаралық ұйымдардың бірінші тұлғаларының қатысуы, тақырыптардың алуан түрлілігі мен баяндамалардың тереңдігі, ауқымды жеті күндік бағдарлама — осының бәрі бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс істеуін кәсіби түрде ұйымдастыруды талап етті.

АТЭӘК сессиясы туралы ақпарат таратуға әлемнің көптеген елдерінен журналистер келді, Қазақстанның жетекші БАҚ тілшілері аккредитация алды. Ақапаратқа шұғыл қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін екі баспасөз орталығы құрылды. Олар интернетке шығатын компьютерлермен, интернетке қослыу нүктелерімен, кеңсе техникасымен, байланыс құралдарымен жабдықталды. Журналистерге ыңғайлы болуы үшін баспасөз орталықтарында барлық мәжілістердің трансляциясы жүргізілді. Трансляция түпнұсқа тілінде жүргізілді, журналистер синхронды аударма құлаққаптарымен қамтамасыз етілді.

Баспасөз орталықтарының қызметкерлері әрбір оқиғаның ізімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баспасөз мәлімдемелерін әзірлеп отырды. Журналситер негізгі баяндамалардың тезистері мен толық мәтіндеріне қол жеткізді. АЕЭӘК 63-сессиясы барысында барлығы 70 ақпараттық материал таратылып, олап қазақстандық және шетелдік журналистердің жарияланымдарына негіз болды.

Осы ауқымды жұмысты Қазақстан Баспасөз клубы Сыртқы істер министрлігімен тығыз серіктестікте атқарды.

АТЭӘК 63-сессиясы аяқталғаннан кейін Қазақстан баспасөз клубы отандық және шетелдік БАҚ жарияланымдарына мониторинг жүргізіп, сараптама есебін әзірледі.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments