Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Азиада-2011 ақпараттық қолдау

2011 жылы Қазақстан тұңғыш рет Азия ойындарын өткізетін ел атағын алды. 7-қысқы Азия ойындары Алматы және Астана қалаларында өтті. Қазақстан баспасөз клубының коммуникациялық тобы Азия ойындарына ақпараттық қолдау көрсетілуін қамтамасыз етіп, баспасөз орталықтарының жұмысын, журналистерді аккредитациялау, көптеген отандық және шетелдік журналистерді орналастырып, жұмыс істеуіне жағдай жасалуын ұйымдастырды.

Азия ойындарынан хабар тарату үшін Алматы мен Астанада 12 баспасөз орталығы құрылды. Қазақстан баспасөз клубы беспасөз орталықтарында жұмыс істейтін қызметкерлерді даярлады. Үздіксіз байланысты, Интернетті, онлайн трансляция мен өзге де мультимедиалық қызметтерді қамтамасыз ететін тезникалық мамагдар құрамы жасақталды.

100-ден аса баспасөз мәжілісі мен бриффинг өткізілді. БАҚ жарыстарға, баспасөз конференцияларына, брифингтерге аңдатпа жолдау, әрқайсысына қоңырау шалу, жеке хабарласу арқылы шақырылды. Баспасөз мәлімдемелері, прессаға арналған хабарламалар, анықтамалық және басқа да материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдіренде жазылып, аударылып, INFO 2011 жүйесіне орналастырылып отырды.

Баспасөз орталықтары 3 тілде 3123 материал әзірледі. Материалдар: «Азиада жаңалықтары», «Аңдатпалар», «Баспасөз мәлімдемелері», «Күн оқиғалары», «Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс» айдарлары бойынша даярланды. Қазақстан Баспасөз клубының коммуникациялық тобы ойындарға қатысушылардан, спортшылардан, жаттықтырушылардан, делегациялар мүшелерінен сұхбат алуға жағдай жасап отырды.

Азиада ойындарына ақпараттық қолдау көрсету нәтижесінде қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында 1500-ден астам дматериал жарық көрді. Қазақстан Баспасөз клубының мониторинг қызметі шұғыл түрде материалдарды жылдам қадағалап, көтерілетін мәселелерге шұғыл көңіл бөліп отырды. Азиада ойындарының ұйымдастырушыларына жарық көрген материалдардың түгел тізімі келтірілген толық есептеме ұсынылды.

Азия Олимпиада кеңесі мен ойындардың ұйымдастыру комитеті Қазақстандағы 7-Азиада ойындарының Баспасөз орталықтарының жұмысын жоғары бағалады.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments