Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Олимпиада алауы эстафетасына ақпараттық қолдау көрсету

2008 жылдың сәуір айында Алматыда Олимпиада алауының эстафетасы өтті. Қазақстан баспасөз клубының коммуникациялық тобы осы бір әдемі спорттық, мәдени халықаралық шараға ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз етті. Шараны ұйымдастырушылар: Lenovo компаниясы (ҚХР), M-IS компаниясы (Ұлыбритания), Алматы қаласының әкімдігі (Қазақстан).

Эстафета басталмай тұрып-ақ, баспасөз мәжілістері, қайырымдылық акциялары, алау ұстайтындар — Марат Болтабаев пен Эльмир Алимжановпен брифингтер, НС радиосында радио-шоу (викторина) ұйымдастырылды. Қазақстан Баспасөз клубының коммуникациялық тобы эстафетаның ресми тобында жүріп отыратын Lenovo компаниясының фирмалық машиналарын табу, әрлеу, компанияның промо-материалдарын алу және ресімдеу, промо-қызметкерлерді табу және жаттықтыру, әкімдікпен арадағы техникалық мәселелерді реттеу сияқты жұмыстарды да өз мойынына алды.

Эстафета күні баспасөз орталығы құрылып, ол шетелдік журналистерді қоса алғанда 120 аккредитация алған журналистің жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Баспасөз мәжілістері, брифингтер, сұхбаттар ұйымдастырылды. Біздің міндетімізге, сондай-ақ, алай ұстаушылардың кестесін қадағалау, компаниялардың промо-акцияларын техникалық тұрғыдан қолдау және басқа да мәселелер кірді.

Эстафета аяқталғаннан кейін барлық БАҚ қызметкерлері фото және видеомен, қосымша материалдармен қамтамасыз етілді. Материалдарға мониторинг жасалып, есептеме жазылды.

Нәтижесінде Lenovo қатысуымен өткен іс-шараға жүзден аса журналист қатысты, елуден астам баспа материалы жарық көрді, 15 телевизиялық сюжет жарыққа шықты, радиовикторинаға төрт мыңнан аса адам қатысты.

Олимипиада алауы эстафетасының Алматы кезеңін Lenovo компаниясы ұйымдастырылуы және БАҚ арқылы хабарлануы тұрғысынан дүние жүзі бойынша ең үздіктердің бірі деп тапты.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments