Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Стамбулдағы Istinye Park-қа медиа-сапар

2008 жылдың жазында «Қазақстан Баспасөз клубы» коммуникациялық тобы Istinye Park-қа медиа-сапар өткізді. Қазақстандық журналистерге алып сауда-ойын сауық орталығының жұмысымен, бизнестің егжей-тегжейімен, ірі кәсіпорынның инфрақұрылымымен танысуға мүмкіндік туындады.

Istinye Park — бұл 87 мың шаршы метр сауда алаңында орналасқан 300 дүкен. Мұнда қала алаңы пішінінде жобаланған «Маркалар көшесінде» Burberry, Chloe, Gucci, Louis Vuitton, Dior және басқа белгілердің дүкендері орналасқан. «сағыныш базары» көне түрік базарына ұқсайды, онда ет, балық өнімдерін, көкөністер, жемістер, дәмдеуіштер сатып алуға болады. «Гүлзарда» үйге арналған тауарлар сатылады. Сондай-ақ, Istinye Park ішінде тынығып, денсаулығыңызды түзеп алуға да болады, ол үшін Hillside City Club спа-орталығына көтерілсе жеткілікті. Istinye Park ішінде кинотеатр, балалар алаңын, көңіл көтеріп, ас ішуге арналған алаңдардан тұратын «Өнер үйі» де бар.

Медиа-сапарға қазақстандық журналистерді Orjin Group және Dogus Holding корпорациялары шақырды. Қазақстан Баспасөз клубының қатысуы журналистерді сапалы баспасөз материалдарымен қамтамасыз етуге, Istinye Park бірінші тұлғаларымен ауқымды сұхбаттар ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Журналистерге арналған мәдени бағдарлама да ұйымдастырылды.

Медиа-сапар нәтижелері бойынша қазақстандық БАҚ түрлі: ақпарат, репордтаж, интервью жанрларындағы оннан астам материал әзірледі.

Медиа-сапарды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды Қазақстан Баспасөз клубының серіктестері жоғары бағалады.

Print Friendly
comments powered by HyperComments